«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Баянды ауылында арнайы техникалардың көмегімен ірі габаритті қатты тұрмыстық қалдықтарды тазарту және шығару жұмыстары жүргізілді.
Ауыл тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Таза әрі көрікті ауыл қалыптастыру жолында атқарылып жатқан жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.




