
Елтай ауылдық округі аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде жүру фактілерін болдырмау мақсатында түнгі рейдтік іс-шара жүргізілді.
Рейд барысында ауыл көшелері мен қоғамдық орындар тексеріліп, кәмелетке толмаған жастармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оларға түнгі уақытта көшеде жүрудің қауіпсіздік талаптары, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу жөнінде түсіндірілді.
Сонымен қатар, жасөспірімдерге өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау, ата-аналары мен заңды өкілдерінің ескертулерін сақтау және белгіленген тәртіп талаптарын бұзбау қажеттігі айтылды.
Мұндай рейдтік іс-шаралар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жүргізілуде.









