Зейнетақы жинағы өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшылары үшін жаңа мүмкіндіктер

    Мәртөк ауданы әкімдігі·
    Зейнетақы жинағы өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшылары үшін жаңа мүмкіндіктер

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылар зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға бере алады.

    Қандай өзгерістер болады?

    Салымшылар:
    ИПБ-ға берілетін жинақ мөлшерін өздері белгілейді;
    жинақтарын бірнеше басқарушыға бере алады.

    Әр ИПБ салымшыларға үш түрлі инвестициялық портфельге дейін ұсына алады: консервативті, теңгерімді және тәуекелі жоғары. Олар тәуекел деңгейі, инвестиция құрамы және салым мерзімі бойынша ерекшеленеді.

    Басқарушылардың табыстылық көрсеткіштерін салыстырып, инвестициялық стратегияларымен invest.enpf.kz платформасында танысуға болады.

    Жинақты аудару туралы өтінішті:

    📌enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте ЭЦҚ арқылы;

    📌жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде беруге болады.

    Өтініштің мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшадан көруге болады. Жинақ өтініш түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ИПБ-ға аударылады.

    Жинақты алдыңғы аударымнан кейін кемінде бір жыл өткен соң бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыруға немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтаруға болады.
    Қадамдық нұсқаулық enpf.kz сайтында және БЖЗҚ-ның ресми YouTube арнасында қолжетімді.

    Ұқсас материалдар

    "Мәртөк ауданы әкімдігі" жаңалықтары