
Ағымдағы жылдың 28–30 шілде аралығында дін істері басқармасының бөлім басшысы Н. Нұрмағамбет және Мейманова Салтанат Шал Акын, Тайынша, Мамлют аудандарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Облыстық ақпараттық - түсіндіру тобының мүшелері халықтың діни сауаттылығын арттыруға және мемлекеттің зайырлы қағидаттарын нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шара өткізді.
Сапар аясында мақсатты аудиториялардың кең ауқымын қамтыған жеке кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен ашық алаңдарда кездесулер өткізілді. Аталған аудиторияларға: аудан әкімдіктерінің мамандары, ақпараттық-түсіндіру топтарының (АТТ) мүшелері, мәдениет, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, қоныс аударушылар, дін қызметкерлері әлеуметтік осал топтардың өкілдері кірді.
Мақсатты топтармен өткізілген кездесулердің мақсаты-халықтың діни сауаттылығын арттыру, мемлекеттің зайырлы негіздерін терең түсінуді қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу болды. Іс-шаралар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасының негізгі ережелері мен соған сәйкес құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы түсіндірілді.



