
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ТӘУЕКЕЛ ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбековтің төрағалығымен қызыл және сары деңгейдегі тәуекел тобына жататын балалармен жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың орындалу барысына арналған штаб отырысы өтті.

Жиын барысында тәуекел тобындағы балаларға көрсетіліп жатқан психологиялық-педагогикалық қолдау, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігі, сондай-ақ білім беру, құқық қорғау, денсаулық сақтау және өзге де жауапты мекемелер арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың нәтижелері жан-жақты қаралды. Қатысушылар атқарылған жұмыстарға талдау жасап, өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын ортаға салды.
– Тәуекел тобына жататын балалармен жүргізілетін жұмыс – барлық жауапты мекемелердің бірлескен әрі жүйелі іс-қимылын талап ететін маңызды бағыт. Әрбір баланың қауіпсіздігі мен психологиялық саулығын қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз. психологиялық қолдау орталығының психологтары алдағы уақытта да әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарын жалғастырып, өңірдегі білім беру ұйымдары мен жауапты мекемелерге жан-жақты қолдау көрсетеді,- деді «Түркістан облысының Психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Мөлдір Баймұханбетова.

Басқосу қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге тәуекел тобындағы балалармен жұмысты одан әрі күшейту, олардың жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу, профилактикалық жұмыстардың сапасын арттыру және нақты нәтижеге бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Аталған жұмыстар балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың әл-ауқатын арттыруға және өмірлік қиын жағдайлардың алдын алуға бағытталған кешенді шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында жалғасын табады.