ТӨЛЕБИ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

    ТӨЛЕБИ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
    Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Төлеби ауданы тұрғындарымен кездесуі 2026 жылғы 14 – тамызда сағат 15:00-де Ленгір қаласы, Жастар ресурстық орталығында (Әйтеке би көшесі №50а үй), жеке қабылдауы сағат 16:00-де аудандық мәдениет үйінде (Төле би көшесі №237үй) өтетінін хабарлаймыз.
    Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8 (72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 12 тамызға дейін сағат 09.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс: сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.
    Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекенжайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының әкімдігі" жаңалықтары