САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

    САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
    Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесуі 2026 жылғы 14 тамызда сағат 11.00-де аудандық мәдениет үйінде (Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Абылайхан көшесі, №71), жеке қабылдауы сағат 12.00-де аудан әкімі аппаратының ғимараты (Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Жібек жолы көшесі №95) өтетінін хабарлаймыз.
    Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 12 тамызына дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.
    ​Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының әкімдігі" жаңалықтары