Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

    ✔️Мемлекет басшысы өз сөзінде Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа дәстүрлі жылы қабылдауы және бейресми кездесуді өткізу жөніндегі бастамасы үшін алғыс білдірді.

    – Қазақ пен қырғыз – бауырлас халықтар. Бізді ортақ тегіміз бен тағдырымыз байланыстырады. Екі ел арасындағы достық, сенім, туыстық және өзара қолдау – ата-бабамыздан мирас болып қалған қасиетті қазына әрі мәңгілік құндылықтар. Бүгінде Қырғызстан қарқынды даму қарқынын көрсетіп отыр. Біз сіздердің барлық жетістіктеріңізге шын жүректен қуанамыз. Қырғыз мемлекетінің өсіп-өркендеуі – бүкіл Орталық Азияның тұрақтылығы мен орнықты дамуының кепілі. Бұл жетістіктер, сөзсіз, құрметті Президент Садыр Нұрғожайұлы Жапаровтың көреген басшылығы мен тынымсыз еңбегінің арқасында мүмкін болды, – деді Қазақстан Президенті.

    ✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл кездесу қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға және көпжақты әріптестіктің алдағы басым бағыттарын айқындауға жақсы мүмкіндік береді.

    – Барлық деңгейдегі байланыстардың қарқынды дамуы мемлекеттеріміздің бауырлас халықтарымыздың игілігі мен бүкіл өңірдің өркендеуі жолындағы сындарлы өзара іс-қимылға деген ортақ ұмтылысын айқын көрсетеді. Осы бағыттағы маңызды жетістіктердің бірі – XXI ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатындағы Достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қою рәсімінің толық аяқталуы. Бұл тарихи құжат стратегиялық әріптестігіміздің жаңа кезеңін бастап, өзара сенімге, құрметке және бауырлас халықтарымыздың ортақ болашағы үшін жауапкершілікке негізделген өңірлік ынтымақтастықтың саяси негізін қалыптастырады, – деп атап өтті Қазақстан Президенті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Көктінкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары