
Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Г.Н. Қасымов «Ertis» телеарнасындағы «1 студия» телебағдарламасына қатысты.
Талқылау тақырыбы заңсыз микроқаржы қызметіне қарсы іс-қимыл болды.
Эфир барысында микроқарыздарды заңсыз берудің негізгі схемалары, заңсыз кредиторлар қызметінің белгілері, сондай-ақ заңсыз микроқаржы қызметін жүзеге асыратын адамдар үшін құқықтық салдарлар түсіндірілді. Азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне, халықтың қаржылық сауаттылығына және осындай құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша қабылданатын шараларға ерекше назар аударылды.
Эфир соңында өңір тұрғындарына тек лицензияланған қаржы ұйымдарының қызметтерін пайдалануға, шарттардың талаптарын мұқият зерделеуге және заңсыз шарттармен жылдам қарыздар ұсынатын күмәнді кредиторларға жүгінбеуге кеңес беріледі.








