«Саптағы заңдылық» іс-шарасы аясында жас мамандармен ашық диалог өтті.

    ·
    «Саптағы заңдылық» іс-шарасы аясында жас мамандармен ашық диалог өтті.

    Департамент бастығы ең алдымен ішкі істер органдарының қатарына жаңадан қосылған жас қызметкерлерді құттықтап, олардың жауапты әрі абыройлы мамандықты таңдағанын атап өтті.

    «Бұл – жай ғана қызмет емес, бұл – халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған үлкен аманат», – деп сөзін бастаған полиция генерал-майоры Мұхтар Жұмабайұлы Қожаев жас мамандармен «Ашық диалог» қағидаты аясында еркін пікір алмасты.

    Жиынға Департаменттің барлық құрылымдық бөліністерінен келген жас мамандар қатысты.

    Кездесу барысында жас мамандар Департамент басшысына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

    Жиын соңында Департамент бастығы жас мамандарға кәсіби дамудан ешқашан қол үзбеуге, тәжірибелі әріптестерінің ақыл-кеңесіне құлақ асып, қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқаруға шақырды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары