«Таза Қазақстан» акциясы аясында республикалық сенбілік өтті

    «Таза Қазақстан» акциясы аясында республикалық сенбілік өтті

    Ағымдағы жылдың 1 тамызында қала аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Тарихи өлкенің тазалығы» тақырыбында республикалық сенбілік өтті.

    Сенбілікке облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы мен басқармаға қарасты мамандандырылған базаның қызметкерлері белсенді қатысып, өздеріне бекітілген аумақтарда санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.

    Бірлік пен экологиялық жауапкершілік тоғысқан республикалық сенбілік барысында қатысушылар туған өлкенің тазалығына өз үлестерін қосып, табиғатты аялау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін тағы бір мәрте көрсетті.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" жаңалықтары