
Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы қоғам өмірін жеңілдеткенімен, интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің де көбеюіне жол ашты. Осыған байланысты азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және киберқылмыстың алдын алу мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып отыр.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен 2025 жылдың сәуір айынан бастап «Антиколл-орталық» жобасы іске қосылды. Жобаның негізгі мақсаты – заманауи технологиялардың көмегімен алаяқтық қоңырауларды анықтау, бұғаттау және азаматтарды телефон алаяқтарынан қорғау.
Жоба іске қосылған уақыттан бері өзінің тиімділігін нақты нәтижелерімен дәлелдеп келеді. Бүгінгі таңда жүйе арқылы 1,5 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталып, шетел аумағында әрекет ететін 12 колл-орталықтың қызметі тұрақты бақылауға алынды.
Жобаның басты артықшылықтарының бірі – алаяқтардың нысанасына айналған азаматтарды жедел анықтау мүмкіндігі. Антиколл-орталықтан келіп түскен мәліметтер негізінде прокурорлар азаматтармен тікелей байланысқа шығып, алаяқтық тәуекелдері туралы ескерті








