ШҚО су қоймаларында "сөйлейтін" дрондар жұмыс істеуде

    ШҚО су қоймаларында "сөйлейтін" дрондар жұмыс істеуде

    Шығыс Қазақстан облысында су айдындары маңындағы жаппай демалыс орындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері заманауи "сөйлейтін" дрондарды қолдануда. Әуе патрульдері жағажайлар мен су қоймаларындағы жағдайды бақылап қана қоймай, демалушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын дер кезінде ескертуге мүмкіндік береді.

    Патрульдеу кезінде дауыс зорайтқышпен жабдықталған ұшқышсыз аппараттар профилактикалық хабарламалар таратады. Олар азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, белгіленбеген жерлерде суға түспеуге, масаң күйде шомылмауға және жеке заттарына мұқият болуға шақырады.

    Дрондарды пайдалану жағалау аумағының ауқымды бөлігін жедел бақылауға, ықтимал қауіпті жағдайларды дер кезінде анықтауға және маңызды ақпаратты демалушыларға жылдам жеткізуге мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар су айдындары маңында полиция қызметкерлері кезекшілік атқарып, азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде.

    Әуе патрулі жаппай демалыс орындарындағы қауіпсіздікті бақылаудың тиімділігін арттыратын заманауи профилактикалық құралдардың біріне айналды. Полиция қызметкерлері судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау — әрбір азаматтың қауіпсіз әрі алаңсыз демалысының басты кепілі екенін еске салады.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары