Үржардағы «Тарбағатай» оқыту-сауықтыру орталығында 560 оқушы демалады

    Үржардағы «Тарбағатай» оқыту-сауықтыру орталығында 560 оқушы демалады

    Үржар ауданының Тарбағатай тауы баурайында орналасқан «Тарбағатай» оқыту-сауықтыру орталығы биылғы жазғы демалыс маусымында балаларды қабылдауды жалғастыруда.

    Табиғаты көркем, таза ауамен көмкерілген лагерьде балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Демалушылар үшін спорттық жарыстар, танымдық және шығармашылық іс-шаралар, мәдени-рухани бағдарламалар ұйымдастырылып, олардың бос уақытын тиімді өткізуге ерекше көңіл бөлінуде.

    Биыл лагерьде 8 ауысым өткізу жоспарланған. Әр ауысымда 80 бала демалады. Жазғы маусымда жалпы 560 оқушыны сауықтыру көзделген. Лагерьде Үржар ауданының барлық елді мекендерінен келген балалар жазғы демалыстарын тиімді әрі қызықты өткізуде.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының әкімдігі" жаңалықтары