Мемлекет еңбек көші-қонына қатысатын азаматтарды қолдау шараларын кеңейтуде

    Мемлекет еңбек көші-қонына қатысатын азаматтарды қолдау шараларын кеңейтуде

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек ресурстарына сұраныс жоғары өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын азаматтарды мемлекеттік қолдау шараларын көздейтін өңіраралық еңбек ұтқырлығы бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда.

    2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша көшуге берілетін мемлекеттік субсидияны 3 420 адам алды. Тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындарды өтеу 3 432 азаматқа тағайындалды.

    2026 жылы көшуге берілетін біржолғы субсидия мөлшері отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткішті, яғни 302 750 теңгені құрайды. Сонымен қатар бағдарламаға қатысушыларға отбасы құрамына және қоныс аударатын елді мекенге қарай тұрғын үйді жалдау мен коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындарды өтеу үшін 64 875 теңгеден 129 750 теңгеге дейін өтемақы төленеді.

    Мемлекеттік қолдау өңіраралық еңбек ұтқырлығы бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көрсетіледі.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бағдарламаға қатысушы азаматтарды заңнамада көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырады.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" жаңалықтары