
Аудандық мәдениет үйінің алаңында қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің аудандық іріктеу жарысы өтті. Дәстүрлі додаға ауданның ең үздік палуандары қатысып, боз кілемде өзара мықтыны анықтады.
Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Д.Гайнуллина қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ардагер спортшы
М.Қадешов ақ батасын берді.
Тартысты белсулердің нәтижесінде «Өгіз палуан» атағы бойынша: І орын – Қабдулқақов Мержан (Алаша), Бисен ауылы; ІІ орын – Нұрашев Болатбек (Жаппас), Мұратсай ауылы; ІІІ орын – Мұқанов Елдос (Шаңырай), Жәрмеңке ауылы.
«Түйе палуан» атағы бойынша: І орын – Меңдешев Баймырза (Сары), Сайқын ауылы; ІІ орын – Темрешов Ернар (Шеркеш), Сайқын ауылы; ІІІ орын – Сатқанов Элдар (Қожа), Сайқын ауылы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы облыстық кезеңде аудан намысын абыроймен қорғап, жоғары жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз.









