Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту – ел экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі екенін үнемі атап келеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес өңірлерде инвестициялық ахуалды жақсарту, жаңа өндірістер ашу және кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Осы мақсатта Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауданға инвестиция тарту мәселелері бойынша инвестормен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында «CHINA LOGISTICS LTD» компаниясының өкілі Сарыағаш ауданында көпфункционалды теміржол жүк тиеу терминалын салу жөніндегі инвестициялық жобаны таныстырды. Құны 7 миллиард теңгені құрайтын бұл жоба көлік-логистика саласын дамытуға, транзиттік мүмкіндіктерді кеңейтуге және халықаралық жүк тасымалының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Арман Абдуллаев инвестициялық жобалардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ жауапты сала басшыларына инвесторлармен тығыз байланыс орнатып, жобаны іске асыру барысында туындайтын мәселелерді заң аясында жедел шешуді және барлық қажетті қолдау шараларын көрсетуді тапсырды.
Сонымен қатар жобаның әр кезеңінің сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету, атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы тұрақты түрде есеп ұсынып отыру қажеттігі айтылды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
САРЫАҒАШТА ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ұқсас материалдар

«Таза Қазақстан»: Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойынан кейін ауқымды тазалық жұмысы жүргізілді
Алматы облысының әкімдігіАшу
Экология министрі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы табиғат қорғау мекемелерінің жұмысымен танысты
ҚР ЭТРМАшу
Министр ІІМ-нің үздік жас офицерлерімен кездесті
ҚР ІІМАшу
ШЫМКЕНТТЕ «STREET FOOD FEST» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Шымкент қаласының әкімдігіАшу
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Таугүл-1 шағынауданында кезекті сенбілік өтті
Әуезов ауданы әкімінің аппаратыАшу
"" жаңалықтары

САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫН АЙНАЛЫП ӨТЕТІН ЖАҢА ЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
Ашу
САРЫАҒАШ: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ МАҢЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Ашу
САРЫАҒАШ: ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Ашу
АРМАН АБДУЛЛАЕВ: ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Ашу
САРЫАҒАШ: ҚЫЗЫЛЖАРДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
Ашу