«Сарайшық» ауданында «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы аясында орналасқан павильондарға мониторинг жүргізілді

    «Сарайшық» ауданында «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы аясында орналасқан павильондарға мониторинг жүргізілді

    «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» бастамаларын іске асыру аясында «Сарайшық» ауданында «1000 орын - көше саудасы» бағдарламасы шеңберінде орналастырылған павильондарға бірлескен мониторинг жүргізілді.

    Аталған іс-шараға аудан әкімдігінің, Төтенше жағдайлар басқармасының, Полиция басқармасының, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ, «Astana ӘӘК» АҚ өкілдері қатысты.

    Мониторинг барысында қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы, оның ішінде эскиздік жобаларға сәйкестігі, абаттандыру жағдайы, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, көші-қон заңнамасының орындалуы, нысандардың нысаналы мақсаты, сондай-ақ, бақылау-кассалық аппараттардың болуы мәселелері қаралды.

    Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары