СҚО СЭБД-да қорытынды алқа отырысы өтті

    ·
    СҚО СЭБД-да қорытынды алқа отырысы өтті

    2026 жылғы 31 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде департамент басшысы Ә.Т. Жұматаевтың төрағалығымен 2026 жылғы 1-ші жартыжылдықтағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы қызмет нәтижелері бойынша қорытынды алқа отырысы өтті.

    Кеңеске аумақтық басқармалардың, департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

    Алқа барысында жұмыстың негізгі нәтижелері, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері, анықталған проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары қаралды.

    Департамент басшысы Әсет Тұрғымбекұлы есепті кезеңде атқарылған жұмысты қорытындылап, жұмыстың басымды бағыттарын белгіледі және алдағы кезеңге міндеттерді айқындады.

    Жиын қатысушылары қарастырылған мәселелер бойынша өзара пікір алмасты. Алқа отырысының қорытындысы бойынша аумақтық басқармалар мен құрылымдық бөлімшелерге тиісті тапсырмалар берілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары