
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес, стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне мынадай құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) түсті:
– Құжаттардың жобасы, оны іске асырудың негізгі бағыттары мен мерзімдері туралы ақпаратты қамтиды – «Түркістан облысы Төлеби ауданының Бургулюк, Ынтымак, Момынай, Жамбыл, Диханкол, Ангирата ауылдарының даму және салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы). Түзету» жобалары бойынша түсіндірме жазбалар және «Түркістан облысы Төлеби ауданы Зертас ауылының бас жоспары. Түзету» түсіндірме жазбасы;
– Құжаттарды іске асыру жоспарланып отырған аумақтың сипаттамасы – «Түркістан облысы Төлеби ауданының Бургулюк, Ынтымак, Момынай, Жамбыл, Диханкол, Ангирата ауылдарының даму және салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы). Түзету» жобалары бойынша түсіндірме жазбалар және «Түркістан облысы Төлеби ауданы Зертас ауылының бас жоспары. Түзету» түсіндірме жазбасы, «Түркістан облысы Төлеби ауданының Бургулюк, Ынтымак, Момынай, Жамбыл, Диханкол, Ангирата ауылдарының даму және салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы). Түзету» және «Түркістан облысы Төлеби ауданы Зертас ауылының бас жоспары. Түзету» жобаларына әсер етуге скрининг бойынша есептер;
– Құжаттарды іске асыру кезіндегі қоршаған ортаға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына ықтимал әсердің жалпы сипаттамасы – «Түркістан облысы Төлеби ауданының Бургулюк, Ынтымак, Момынай, Жамбыл, Диханкол, Ангирата ауылдарының даму және салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы). Түзету» және «Түркістан облысы Төлеби ауданы Зертас ауылының бас жоспары. Түзету» жобаларына әсер етуге скрининг бойынша есеп.
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Қала құрылысы жобасының орталығы» ЖШС, ЖК Джунусова Г.А.
СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: «Түркістан облысы Төлеби ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
СЭБ-ті әзірлеуге жауапты: «Түркістан облысы Төлеби ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімдігі.
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) мынадай мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
- Жобаларды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер ете ала ма, егер иә болса, бұл қандай әсерлер және оларды неліктен елеулі деп есептейсіз?
- Жобаны бекіткенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерттеу қажет және неліктен?
- СЭБ жүргізуді қажет деп есептейсіз бе? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неліктен?
- Жобаларды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсерлеріне байланысты өзге де ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2025–2045 жж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 31 шілдеден 14 тамызға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 14 тамыз).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Экологиялық саясат департаменті.
Тел.: 8 (7172) 74-02-83, e-mail: [email protected], [email protected]
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық форматта Министрлік Кеңсесінің эл. поштасына жіберуге болады: [email protected]
Құжаттарыңыздың Кеңседе қабылданғанын мына телефон арқылы міндетті түрде нақтылау қажет: +7 7172 74-08-44.
СЭБ материалдары мына жерлерде орналастырылған:
– Министрліктің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);
– Түркістан облысы әкімдігінің сайтында.









