Жамбыл облысында көлігінің капотына 8 жарым келі гашиш жасырған жүргізуші ұсталды

    Жамбыл облысында көлігінің капотына 8 жарым келі гашиш жасырған жүргізуші ұсталды

    Жамбыл облысында көлігінің капотына 8 жарым келі гашиш жасырған жүргізуші ұсталды

    Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, аса ірі көлемдегі есірткі затын тасымалдау дерегінің жолын кесті.

    «Қордай – Алматы» автожолында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Chevrolet» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Көлікті Сэм атты қызметтік итінің көмегімен тексеру кезінде «капот» бөлігінен полиэтилен пакетке салынған салмағы 8 жарым келіге жуық гашиш табылды.

    Анықталғандай, 55 жастағы азамат есірткіні Алматы қаласына алып бара жатқан.

    Тәркіленген есірткі затының қара нарықтағы құны шамамен 10 миллион теңгені құрайды. Полицейлердің жедел әрекетінің нәтижесінде он мыңдаған адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін аса ірі көлемдегі есірткі заңсыз айналымға жіберілмей, дер кезінде тоқтатылды.

    Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

    Қазіргі уақытта толық мән-жайды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Полиция департаменті" жаңалықтары