
«ШҚО Алтай ауданы Средигорное ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де «Средигорное ТКШ» ЖШС өкілдерінің қатысуымен көппәтерлі тұрғын үйлердің үй басқарушыларымен алдағы жылыту маусымына тұрғын үй қорын дайындау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Кездесу барысында көппәтерлі тұрғын үйлердің жылу энергиясын қабылдауға дайындығы, үйішілік инженерлік жылу жүйелерін уақтылы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажеттілігі және жылыту маусымына дайындық актілерін алу мәселелері қаралды.
«Средигорное ТКШ» ЖШС өкілдері көппәтерлі тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау тәртібін, үйішілік жылумен жабдықтау жүйелерінің техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды түсіндіріп, сондай-ақ үй басқарушылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген іс-шараларды уақытылы орындаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Себебі көппәтерлі тұрғын үйлерді жылыту маусымына сапалы дайындау күзгі-қысқы кезеңде тұрғындарды тұрақты әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі болып табылады.
Кеңес қорытындысы бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің үй басқарушыларына тұрғындармен қажетті дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ үйлердің жылыту маусымына дайындығын растайтын құжаттарды уақытылы рәсімдеу мақсатында «Средигорное ТКШ» ЖШС-мен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету ұсынылды.
