
Аудан әкімі аппаратының кезекті мәжілісінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
🔹 Бірінші мәселе – 2026–2027 жылғы жылыту маусымына дайындық барысы.
Мәртөк аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдос Қалимағамбетовтің мәліметінше, ауданда 91 әлеуметтік нысан бар. Алдағы жылыту маусымына қажетті отын көлемі 3 863,5 тоннаны құрайды, оның 3 854 тоннасы қатты отын, 9,5 тоннасы сұйық отын.
«Мәртөк-сервис» МКК қарамағындағы 4 қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Инженерлік желілер толық тексеріліп, ауданның жылыту маусымына толық дайын екені атап өтілді.
🔹 Екінші мәселе – 2026–2027 жаңа оқу жылына дайындық.
Білім бөлімінің басшысы Әсет Есалиннің айтуынша, ауданда 27 жалпы білім беретін мектеп, 18 мектепке дейінгі ұйым және 2 қосымша білім беру мекемесі жұмыс істейді.
Жаңа оқу жылында 5 260 оқушы білім алады деп күтілуде. Оның ішінде 496 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарда 1 395 бала тәрбиеленеді.
🔹 Үшінші мәселе – «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылуы.
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Орақбай Нұрбердиев жобаның орындалу барысы жөнінде ақпарат берді.
Бүгінгі күнге «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-ға жалпы сомасы 278,2 млн теңгеге 29 өтінім жолданған. Оның ішінде:
• 185,9 млн теңгеге 14 жоба мақұлданған;
• 142,5 млн теңгеге 11 жоба бойынша несие берілген;
• 67,9 млн теңгеге 7 жоба қаралу үстінде;
• 24,4 млн теңгеге 8 жоба нақтылауды қажет етеді.
Жиын қорытындысында аудан әкімі Медет Ысқақов жауапты бөлімдерге жылыту маусымына дайындық жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауды, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына сапалы әзірлігін қамтамасыз етуді және «Ауыл аманаты» жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмысты жандандыруды тапсырды.









