
2026 жылғы 28 шілдеде Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында Қарағанды-Жолаушылар станциясында орналасқан «Ulytau express» ЖШС және «Желдортранс-Ақтөбе» ЖШС басшылары мен әкімшілік қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел форматында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға «Салауатты жұмыс орындары» жобасының негізгі мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді. Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастырудың маңыздылығы, еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларының алдын алу, қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шаралар, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері талқыланды.Іс-шара соңында қатысушыларға созылмалы обструктивті өкпе ауруының (СОӨА), жүрек-қантамыр ауруларының, туберкулез бен қызылшаның алдын алу жөніндегі ақпараттық жадынамалар мен буклеттер таратылды.









