«Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында халықаралық әуежайының қызметкерлеріне семинар өткізілді

    ·
    «Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында халықаралық әуежайының қызметкерлеріне семинар өткізілді

    Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлеріне «Жұмыс орнында дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділікті ұйымдастыру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді. Семинар барысында дұрыс тамақтану қағидалары, жұмыс орнында дене белсенділігін арттырудың маңыздылығы, еңбек өнімділігін сақтау, инфекциялық емес аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға тиімді тамақтану тәртібін сақтау, жұмыс күні барысында жеңіл дене жаттығуларын орындау және күнделікті физикалық белсенділікті арттыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары