Халық алғысы – полиция қызметкеріне берілген жоғары баға*

    ·
    Халық алғысы – полиция қызметкеріне берілген жоғары баға*

    Астана қаласы Полиция департаментінің Сарыарқа ауданы ПБ қарасты аудандық полиция бөлімінің №87 полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Нариман Молдахметов атына тұрғыннан «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы алғыс хат келіп түсті.
    Азаматтың өтініші бойынша туындаған мәселені жан-жақты зерделеп, заң талаптарына сәйкес қысқа мерзімде оң шешімін тапқан полиция инспекторы кәсіби біліктілігімен, жоғары жауапкершілігімен және сыпайы қарым-қатынасымен ерекше құрметке ие болды.
    Алғыс білдіруші өз хатында полиция аға лейтенантына шынайы ризашылықтарын жеткізіп, оған зор денсаулық, отбасына амандық, қызметінде табыс пен алдағы уақытта мансаптық өсім тіледі.
    Астана қаласы Полиция департаменті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықпен өзара сенімді нығайту бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра береді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары