«Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 1 тамыз бен 16 қыркүйек аралығында бөлімде және оған қарасты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
Ішкі талдаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы қызметті жетілдіру.
Егер Сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат, оларды жою жөніндегі ұсыныстар, сондай-ақ ішкі талдауды жүргізуге байланысты ескертулер мен өзге де мәселелер болса, «Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуыңызды сұраймыз.
Байланыс телефоны: 8 (72137) 5-06-14.




