ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРҒА АДАМ САУДАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРҒА АДАМ САУДАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
    Түркістан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сайрам ауданындағы балалардың жазғы сауықтыру лагерінде "Адам саудасына қарсымыз!" атты ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
    Кездесу барысында полиция қызметкерлері адам саудасының түрлері, оның белгілері, күмәнді жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі және көмекке қайда жүгіну қажеттігі туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Сонымен қатар қатысушыларға тақырыпқа қатысты ақпарат қамтылған 100-ге жуық үнпарақ таратылып, арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Іс-шара соңында балалар мен тәрбиешілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен жан-жақты жауап алды.
    Полиция адам саудасының алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастырады.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары