Ақтөбеде жастарға арналған «Aqtobe Camp – 2026» облыстық жобасы өтті

    Ақтөбеде жастарға арналған «Aqtobe Camp – 2026» облыстық жобасы өтті

    Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 30 жасөспірімге арналған екі күндік «Aqtobe Camp - 2026» облыстық жобасы ұйымдастырылды.

    Жобаның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыруға үлес қосу, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткіге қатысты құқықтық жауапкершілікті түсіндіру, сондай-ақ бопсалау, кибербуллинг, ұрлық, алаяқтық және лудоманияның алдын алып, жастар арасында дұрыс орта қалыптастыру.

    Жоба аясында қатысушылар үшін психологиялық тренингтер, табиғат аясындағы арт-терапия, тимбилдинг және интеллектуалдық квиз ұйымдастырылды.

    Сонымен қатар, жастарға құқықтық жауапкершілік, интернет қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Арнайы полиция жасағының жауынгерлік-тактикалық жаттығуы көрсетіліп, қатысушылар құқық қорғау органдарының қызметімен танысты.

    «Aqtobe Camp – 2026» – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жауапты азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары