
🔹«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 29 шілдеде Тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы кеңес көмегін көрсету мақсатында «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігінде азаматтарды қабылдауды және семинарды өткізді.
🔹Мүгедектігі бар және аз қозғалатын азаматтарға қоғамдық бірлестік ұйымдық-құқықтық нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша, сондай-ақ құжаттарды тіркеу, апостиль қою және Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі жаңалықтарын түсіндіру бойынша құқықтық, практикалық және консультациялық көмек көрсетілді.
🔹Кеңес барысында заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы қолданыстағы заңнаманы, ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңдарын сақтау талаптары, тіркеу алымын төлеу мерзімдері мен сомалары, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу мүмкіндіктері түсіндірілді.
🔹Заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы қолданыстағы заңнаманы, ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Дене мәдениеті және спорт туралы» заңдарын сақтау талаптары түсіндірілді.
🔹Сондай-ақ жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістер, азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі және құқықтық тәртіпті нығайтудағы мемлекеттік және қоғамдық институттардың рөлі айтылды.
Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі









