🌾 Қостанай облысы «Қостанай дала фестиваліне» дайындалуда!

    ·
    🌾 Қостанай облысы «Қостанай дала фестиваліне» дайындалуда!

    ​📅 30–31 шілде және 1 тамыз күндері ТОО «Қазақ тұлпары» демонстрациялық алқаптарында агроөнеркәсіп пен ұлттық мәдениетті тоғыстыратын жаздың ең ауқымды оқиғаларының бірі – «Қостанай дала фестивалі» өтеді.

    ​Фестиваль қонақтарын:

    🚜 заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен инновациялық технологиялар көрмесі;

    🐂 «Қостанай облысының ең ауыр бұқасы» байқауы;

    🚁 ауыл шаруашылығы дрондарының көрсетілімі;

    🌾 селекциялық жетістіктер мен тәжірибелік алқаптардың таныстырылымы;

    🎤 концерттік бағдарлама, ұлттық ойындар мен этноауыл;

    👗 Agro Fashion Week Qostanay сән көрсетілімі;

    🏆 QOSTANAI DALA GAMES спорттық жарыстары;

    🎡 балалар мен ересектерге арналған интерактивті алаңдар;

    🍽️ гастрономиялық аймақтар, өңірдің туристік әлеуеті көрмесі және тағы да көптеген қызықты іс-шаралар күтеді.

    ​Агрофестиваль аграршылардың, өндірушілердің, ғалымдардың, кәсіпкерлердің және ауыл шаруашылығы мен ұлттық құндылықтарға қызығушылық танытатын барша қауымның басын қосатын маңызды алаңға айналады.

    ​📍 Өтетін орны: «Қазақ тұлпары» ЖШС демонстрациялық алқаптары (Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Осиновка ауылы, Әулиекөл тас жолының бойында, Қостанай қаласынан 1 шақырым)

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары