«Жұмысқа емес, шығынға орналастырған...»

    «Жұмысқа емес, шығынға орналастырған...»

    38 жастағы Ақтөбе тұрғыны танысының өзін мұнай компаниясына жүргізуші болып жұмысқа орналастыруға уәде бергенін айтып, полицияға жүгінді. «Қызметі» үшін күдікті алдын ала 400 мың теңге алған.
    Алайда арада бірнеше ай өтсе де, жұмыс та жоқ, шақырту да жоқ. Тек үміт қана ұзарып отырған.
    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 48 жастағы күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
    Аталған дерек бойынша алаяқтық фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Полиция департаменті" жаңалықтары