Сүйікті балмұздақ: қауіпсіз балмұздақты қалай таңдау керек?

    ·
    Сүйікті балмұздақ: қауіпсіз балмұздақты қалай таңдау керек?

    Сүйікті балмұздақ: қауіпсіз балмұздақты қалай таңдау керек?

    Жаз мезгілінде балмұздақ ең танымал салқын десерттердің бірі болып табылады. Алайда оны өндіру, сақтау және сату талаптарының бұзылуы осындай тағамнан улануға және жедел ішек инфекцияларына, соның ішінде сальмонеллезге әкелуі мүмкін. Аурулардың туындау көздері санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы және өнімді сақтау кезіндегі температуралық режимнің бұзылуы себеп болуы мүмкін.

    Сапалы әрі қауіпсіз балмұздақты таңдау және сатып алу мақсатында келесі сақтық шараларын сақтау ұсынылады:

    - сатып алмас бұрын өнімнің міндетті таңбалануының белгілері бар екендігін тексеріңіз. Онда өндіруші туралы мәліметтер, өнімнің атауы, нетто салмағы, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі және өзге де міндетті ақпарат көрсетілуі тиіс. Таңбалануы жоқ өнімді сатып алу ұсынылмайды.

    - балмұздақты тек өндіруші белгілеген, сақтау шарттары сақталған жағдайда ғана сатып алыңыз. Оның ішінде өнімнің қажетті температуралық режимінің («суық тізбектің») үздіксіз сақталуына назар аударыңызға жөн.

    - бастапқы пішінін жоғалтқан балмұздақты сатып алмаңыз, себебі бұл оның еріп, кейін қайта мұздатылғанын көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдай балмұздақ өнімінде микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы жағдай туғызады.

    - арнайы автоматтарда дайындалатын балмұздақты сатып алу кезінде өнімнің сыртқы түріне, иісіне және түсіне назар аударыңыз. Табиғи емес тым ашық түсті, бөгде иісі бар немесе сапасының талапқа сай еместігін көрсететін басқа да белгілері байқалған өнімді, сатып алудан бас тарту қажет.

    - сапалы балмұздақтың консистенциясы біркелкі, өзіне тән дәмі мен иісі болуы керек. Оның құрамында мұз кристалдары, бөгде қоспалар және сақтау талаптарының бұзылғанын көрсететін белгілер болмауы тиіс.

    Тағамнан улану мен ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында, зауыттық қаптамадағы балмұздақты тек ресми сауда нысандарынан сатып алу ұсынылады. Сатып алу алдында қаптаманың бүтіндігін, өнімнің таңбалануы мен жарамдылық мерзімін міндетті түрде тексеру қажет.

    Көрсетілген ұсынымдарды сақтау тағамнан улану қауіпін азайтуға және балмұздақты тұтыну қауіпсіздігін сізге қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары