«Конституция және жастар» форумы өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Конституция және жастар» форумы өтті

    «Конституция және жастар» форумы өтті
    Алакөл ауданында Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтарын дәріптеу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін нығайту мақсатында «Конституция және жастар» тақырыбында форум ұйымдастырылды.
    Форум барысында Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы, заң үстемдігі, жастардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысу мәселелері кеңінен талқыланды.
    Іс-шараға қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, өзекті сұрақтарға жауап алып, жастардың ел болашағын қалыптастырудағы рөлі жөнінде ой алмасты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары