
📌 Ішкі істер министрлігі құқыққа қайшы контент таратқан 9 әлеуметтік желі қолданушысын әкімшілік жауапкершілікке тартты.
⚖️ Олар лайк пен донат үшін тікелей эфирде балағат сөздер айтып, қауіпті пранктер ұйымдастырып, әдепсіз әрекеттер жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сот шешімімен құқық бұзушыларға айыппұл салынып, әкімшілік қамауға алынды.
📱 ІІМ ескертеді: интернеттегі анонимділік жауапкершіліктен құтқармайды. Заң мен Тәртіп цифрлық кеңістікте де қатаң сақталады.









