Мамандандырылған базадағы қойманың дайындығы зерделенді

    Мамандандырылған базадағы қойманың дайындығы зерделенді

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2026 оқу жылына арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қордай ауданында «Құлан-2026» әскери жиынын өткізу жоспарлануда.

    Осыған байланысты облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ерлан Байболат Бейсенұлы мамандандырылған базада орналасқан қойма мен қызметтік үй-жайларды аралап, әскери жиынға тартылатын әскери міндеттілерді қабылдау, тіркеу және зерделеу, медициналық тексеруден өткізу, оларды әскери киім-кешекпен, көлікпен және тамақпен қамтамасыз ету, сондай-ақ қажетті материалдық-техникалық құралдарды дайындау бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

    Жұмыс қорытындысы бойынша Басқарма басшысы жауапты сала басшыларына әскерге шақыру науқанын сапалы ұйымдастырып, жоспарда белгіленген іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" жаңалықтары