Бруцеллездің алдын алу және сақтану шаралары

    ·

    Бруцеллез – жануарлар мен адамға ортақ қауіпті жұқпалы ауру. Инфекцияның негізгі көзі – ауру ауыл шаруашылығы жануарлары: ірі қара, ұсақ мал және шошқалар. Адам ауру жануарлармен байланыста болғанда, оларды күту кезінде, сондай-ақ залалданған мал өнімдерін тұтыну арқылы жұқтырады.

    Алдын алу шаралары

    ✅ Ауыл шаруашылығы жануарларын тұрақты түрде ветеринариялық тексеруден өткізу.

    ✅ Ветеринариялық талаптарға сәйкес жануарларды бруцеллезге қарсы уақтылы вакцинациялау.

    ✅ Жануарларды тек ветеринариялық ілеспе құжаттары болған жағдайда және қажетті зерттеулер жүргізілгеннен кейін ғана сатып алу.

    ✅ Ауруға күдікті жануарларды дереу оқшаулап, ветеринариялық қызметке хабарлау.

    ✅ Жануарларды күту кезінде жеке бас гигиенасын сақтау:

    • қолғап, арнайы киім және арнайы аяқ киім пайдалану;
    • жануарлармен байланыстан кейін қолды сабындап мұқият жуу;
    • жаралар мен сызаттарды антисептикалық құралдармен өңдеу.

    ✅ Шикі сүтті және үй жағдайында дайындалған сүт өнімдерін қайнатпай немесе термиялық өңдеусіз пайдаланбау.

    ✅ Етті толық термиялық өңдеуден кейін ғана тұтыну.

    ✅ Балалардың ауру жануарлармен байланысуына жол бермеу.

    Бруцеллез анықталған жағдайда

    • ветеринариялық қызметке дереу хабарлау;
    • ауру ошағында карантиндік шектеу шараларын енгізу;
    • жануарларға зертханалық тексеру жүргізу;
    • ауру жануарларды ветеринариялық заңнамаға сәйкес оқшаулап, табыннан шығару;
    • қора-жайларға, құрал-жабдықтарға және жануарлар ұстайтын орындарға дезинфекция жүргізу;
    • ауру жануарлармен байланыста болған адамдарды медициналық тексеруден өткізу;
    • халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын күшейту.

    Есте сақтаңыз!

    Бруцеллездің алдын алған әлдеқайда тиімді, оны емдегеннен гөрі. Ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау, жеке бас гигиенасын ұстану және қауіпсіз мал өнімдерін ғана пайдалану – өзіңіздің және отбасыңыздың денсаулығын қорғаудың сенімді жолы.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары