Алакөлдегі қауіпсіздік күзетінде: патрульдік полиция қызметі қалай ұйымдастырылған

    Алакөлдегі қауіпсіздік күзетінде: патрульдік полиция қызметі қалай ұйымдастырылған

    Алакөл жағалауында Жетісу облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Полицейлер күн сайын халық көп жиналатын демалыс орындарында қоғамдық тәртіпті қадағалап, азаматтардың барлық өтініштері мен хабарламаларына жедел әрекет етеді.

    Ерекше назар профилактикалық жұмыстарға аударылады. Тәртіп сақшылары туристермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Жол қозғалысы қағидаларын сақтау, судағы қауіпсіздік талаптарын орындау қажеттігін еске салады. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп, су көліктерін пайдалану қағидаларының сақталуы да тұрақты бақылауда болады.

    Патрульдік полицияның жұмысы құқық бұзушылықтардың жолын кесумен қатар, ең алдымен олардың алдын алуға бағытталған. Полицейлердің тұрақты қызмет атқаруы, профилактикалық іс-шаралар өткізуі және кез келген оқиғаға жедел ден қоюы жағалауда тұрғындар мен өңір қонақтарының қауіпсіз әрі жайлы демалуына қолайлы жағдай қалыптастырады.

    Жетісу облысы Полиция департаменті демалушыларды белгіленген қағидаларды сақтауға, өз қауіпсіздігі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Алакөлдегі демалыстың тыныш, қауіпсіз әрі жайлы болуы – баршамыздың ортақ міндетіміз.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары