Адам саудасының құрбаны болмаңыз!

    ·
    Адам саудасының құрбаны болмаңыз!

    Шетелде жұмысқа орналасу немесе сапарға шығу алдында сақ болыңыз!

    Адам саудасы – адамдарды алдау, мәжбүрлеу немесе заңсыз пайдалану арқылы жасалатын ауыр қылмыс. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін:

    ✅ жұмысқа орналасу туралы ұсыныстарды мұқият тексеріңіз;
    ✅ құжаттарыңызды бөгде адамдарға бермеңіз;
    ✅ еңбек шартын оқып, оның заңдылығына көз жеткізіңіз;
    ✅ жақындарыңызға қайда баратыныңызды және байланыс деректеріңізді хабарлаңыз;
    ✅ баратын елдегі Қазақстан Республикасының Елшілігі немесе Консулдығының байланыс мәліметтерін алдын ала жазып алыңыз.

    ❗ Егер шетелде қиын жағдайға тап болсаңыз немесе адам саудасының құрбаны болғаныңызға күмәндансаңыз, дереу жергілікті құқық қорғау органдарына және Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне хабарласыңыз.

    Абай болыңыз! Өз қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары