#СоңғыЖүзу

    #СоңғыЖүзу

    Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні қарсаңында Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері Жедел-құтқару жасағымен бірлесіп су айдындарындағы демалыс аймақтарында профилактикалық іс-шара өткізді.

    Іс-шара барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік қағидалары түсіндіріліп, балаларды қараусыз қалдырмау, тек рұқсат етілген орындарда шомылу және сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.

    Сонымен қатар, демалыс аймақтарының құтқарушыларына зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тәртібі, төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмі және құтқару құралдарын дұрыс пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары