СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

    СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
    Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Созақ ауданының тұрғындарымен кездесуі 2026 жылдың 7 тамызында, сағат 11:00-де өтетінін хабарлаймыз.
    Тұрғындармен кездесу Созақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.
    Сонымен қатар, облыс басшысының жеке қабылдауы сағат 12:00-де аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.
    Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8 (72533) 5-98-99, 5-93-97, 5-98-80 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 5 тамызға дейін сағат 09.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс: сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.
    Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекенжайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.
    📍 Өтетін орны: Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі №16.
    📅 Күні: 07 тамыз
    ⏰ Уақыты: 11:00

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының әкімдігі" жаңалықтары