Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері Халықаралық волонтерлер форумына қатысты.

    ·
    Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері Халықаралық волонтерлер форумына қатысты.

    Іс-шара аясында құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын заманауи авариялық-құтқару техникасын, құрал-жабдықтар мен арнайы жарақтарды таныстырды. Форумға қатысушылар техниканың мүмкіндіктерімен танысып, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құтқарушылардың қызметі туралы мол мағлұмат алды.

    Форум тәжірибе алмасуға, волонтерлік ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайтуға және қауіпсіздік мәдениетін насихаттауға арналған маңызды алаңға айналды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары