«Жаңа Жол» республикалық акциясы аясында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    ·
    «Жаңа Жол» республикалық акциясы аясында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Жалағаш ауданы көлемінде ағымдағы жылдың 13–30 шілде аралығында өтіп жатқан «Жаңа Жол» республикалық акциясы аясында сотты болған азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында азаматтармен жеке профилактикалық әңгімелер өткізіліп, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары зерделеніп, туындаған мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, заң талаптарын сақтау, қоғамға қайта бейімделу, тұрақты жұмыспен қамтылудың маңыздылығы, әлеуметтік қолдау шаралары және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, құқықтық кеңестер берілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары