Келес аудандық мәслихат депутаттары мен аудан халқының назарына !

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Келес аудандық мәслихат депутаттары мен аудан халқының назарына !

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясы 2026 жылдың 31 шілде күні сағат 10:00-де Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймыз.

    Сессия қарауына енгізілген мәселелер:

    1. 2025 жылға арналған Келес аудандық бюджетінің орындалуы туралы;
    2. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы мақұлдаған Келес ауданы бойынша 2025 жылғы Келес ауданының бюджетінің атқарылуы туралы;
    3. «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Келес аудандық мансап орталығы» филиалының бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
    4. Ұшқын ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
    5. Жүзімдік ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
    6. Қошқарата ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
    7. Келес ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ауданның кірістер бөлігі бойынша атқарған жұмыстары туралы.

    Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

    Аудандық мәслихат

    төрағасы Н.Шаулиев

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары