Сарыағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы

    ·
    Сарыағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы

    Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаттары мен

    аудан халқының назарына!

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Сарыағаш аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 29 шілде күні сағат 10:00-де Сарыағаш аудандық мәслихат аппаратының мәжіліс залында, кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы сағат 11:00-де Сарыағаш ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.

    Сессия қарауына енгізілген мәселелер:

    1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Қабланбек ауылдық округінің Сіргелі елді мекенінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы;
    2. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі, Ердәуіт елді мекенінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы;
    3. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі, Нұрлы жол елді мекенінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы;
    4. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылдық округі, Қызылжар елді мекенінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы.

    Аудандық мәслихат

    төрағасы Р. Асылбекұлы

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары