Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/8 «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы пресс-релиз

    ·

    Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі болып Қазақстан Республикасының кодексінің 94, 96-бабының 1-тармағы және 116-бабының 5-тармағының 2- тармақшасы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы келтірілген, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабы.

    Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

    Кладбинка ауылдық округінің бюджетін нақтылау көздері:

    • бюджеттің кіріс бөлігін түзету;
    • бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарлы қаражатты қайта бөлу;
    • аудандық бюджеттен 2 000 мың теңге сомасында қосымша нысаналы трансферттер.

    Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

    Солтүстік Қазақстан облысы
    Жамбыл ауданы
    Кладбинка ауылдық округінің әкімі
    С. Абзалимов

    Ұқсас материалдар