Қазақстанның атом саласы үшін кадрларды бірлесіп даярлау

    Қазақстанның атом саласы үшін кадрларды бірлесіп даярлау

    Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «Росатом» мемлекеттік корпорациясы бас директорының орынбасары Татьяна Анатольевна Терентьевамен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында Қазақстан Республикасының атом саласы үшін кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қаралды. Тараптар бейінді білім беруді дамыту, атом электр станциялары үшін мамандар даярлау мәселелерін талқылады.

    Агенттік төрағасы білікті мамандарды алдын ала және жүйелі түрде даярлау атом саласының орнықты дамуы мен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жобаларын қауіпсіз іске асырудың басты шарттарының бірі екенін атап өтті.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кадрлар даярлау мәселелері жөніндегі бірлескен жұмыс тобы аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және практикалық өзара іс-қимылды жалғастыруға өзара мүдделі екенін растады.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі" жаңалықтары