«Аулада қабылдау» акциясы

    ·
    «Аулада қабылдау» акциясы

    Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасы «Аулада қабылдау» акциясы аясында №49 және №50 учаскелік полиция пункттеріне қарасты аумақ тұрғындарымен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштері тыңдалып, қоғамдық қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігі және интернет-алаяқтықтан сақтану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар, азаматтардың жеке сұрақтарына жауап беріліп, көтерілген мәселелер заң аясында қарастырылып, тиісті шаралар қабылданатыны түсіндірілді.

    Полиция мен халық арасындағы ашық диалог – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды кепілі.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары