«Адам саудасына қарсы дүниежүзілік күрес күніне орай ұйымдастырылған «Адам саудасы – ауыр қылмыс» акциясы.»

    ·
    «Адам саудасына қарсы дүниежүзілік күрес күніне орай ұйымдастырылған «Адам саудасы – ауыр қылмыс» акциясы.»

    2026 жылғы 23 шілде күні Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған «Адам саудасы – ауыр қылмыс» акциясы аясында Макеевка ауылдық округі әкімдігі тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Іс-шара барысында тұрғындарға адам саудасының алдын алу, оның белгілері мен қауіп-қатерлері, сондай-ақ көмекке жүгіну жолдары туралы ақпарат қамтылған жадынамалар, буклеттер және ақпараттық парақшалар таратылды.
    Адам саудасы – адам құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндіретін ауыр қылмыс. Әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығын арттыру – осындай қылмыстардың алдын алудың маңызды қадамы.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары