2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасында Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Қазіргі таңда республика көлемінде сайлау науқанының барлық кезеңдері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда.
Сайлау күніне дейін әрбір азамат өзінің сайлау учаскесі туралы мәліметті алдын ала нақтылап, сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексере алады. Бұл дауыс беру процесін ыңғайлы ұйымдастыруға және қажетті ақпаратты алдын ала алуға мүмкіндік береді.
Өзіңіздің қай сайлау учаскесіне тіркелгеніңізді eGov Mobile мобильді қосымшасы немесе Gov.kz порталы арқылы білуге болады. Сонымен қатар тұрғылықты жеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға немесе аумақтық, учаскелік сайлау комиссиясына жүгініп, сайлаушылар тізіміндегі мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік бар.
Сайлау науқанының өту барысы, сайлау комиссияларының жұмысы және өзге де ресми ақпараттар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми ақпараттық алаңдарында тұрақты түрде жарияланып отырады.








